АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін UEFA Ұлттар лигасында бірінші турдың соңғы ойындары өтеді. А лигасында өнер көрсететін Германия құрамасы өз алаңында Венгрияны қабылдайды. Ойын Астана уақытпен 23:15-те басталады.
Сондай-ақ дәл сол уақытта аталған топта Нидерланд пен Босния құрамалары сынға түседі. Алғашқысы «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілсе, екінші ойынды сол телеарнаның сайтынан тамашалауға болады.
Ал, 20:30-да В лигасындағы екінші топта Ирландия мен Англия кездесуі белгіленген. Бұл ойынды жанкүйерлер «Qazsport» телеарнасынан көре алады. Аталған топта бүгін Грекия мен Финляндия кездесуі болады.
Айта кетсек, 6 қыркүйекте В лигасындағы үшінші топта сынға түсіп жатқан Қазақстан құрамасы өз алаңында Норвегиямен 0:0 есебімен тең ойнады. Бұл топтағы Словения мен Австрия құрамалары да 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.