Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы бүгін Фарер аралдарымен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан UEFA Ұлттар лигасы төртінші турында Қазақстан құрамасы елордада Фарер аралдарын қабылдайды.

Фото: ҚФФ

Кездесу бүгін, 6 қазанда «Астана-Арена» стадионында Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.

Бұл ойында Кристо Тохвер бастаған эстониялық мамандар төрешілік етеді. Оған отандастары Силвер Кыйв пен Сандер Сага көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі – Карл Коппел.

Ал VAR төрешісі міндеті Марко Лийваға жүктелсе, оған Юрий Фришер көмектеседі. 

Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасы үш ойын өткізіп үлгерді. Алдымен Фарер аралдарымен (1:1) тең түссе, одан кейін Словакия (1:2) мен Молдова (1:2) құрамасына есе жіберді. 

Қазақстан құрамасы

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан).

Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Астана»), Арсен Әшірбек («Елімай»), Сергей Малый («Ордабасы»), Александр Широбоков, Александр Мрынский (екеуі де – «Қайрат»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Ян Вороговский («Астана»), Наурызбек Жагоров («Тобыл»).

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Елімай»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Бауыржан Исламхан, Дінмұхаммед Қараман (екеуі де – «Астана»), Жасұлан Әмір («Ордабасы»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Дамир Қасаболат, Исмаил Бекболат (екеуі де – «Кайрат»).

Шабуылшылар: Азамат Тұяқбаев («Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Рамазан Кәрімов, Станислав Басманов (екеуі де – «Астана»), Эльхан Астанов («Ордабасы»).

Фарер аралдары құрамасы

Қақпашылар: Бардур, а Рейнатрёд («Викингур»), Маттиас Хединссон Ламхауге («Стрёмсгодсет», Норвегия), Ари и Харальдстову Петерсен (ИБВ, Исландия); 

Қорғаушылар: Гуннар Ватнхамар («Вайле», Дания), Андриас Эдмундссон («Верона», Италия), Одмар Ферё («КИ Клаксвик»), Самуэль Чуквуди («Рид», Австрия), Хейни Ватнсдаль («Б-36 Торсхавн»), Вильормур Давидсен («НСИ Рунавик»), Мартин Агнарссон («Мьельбю», Швеция), Аси Дам («ХБ Торсхавн»), Йоаннес Кальсё Даниэльсен («КИ Клаксвик»), Янн Юлин Беньяминсен («НСИ Рунавик»);

Жартылай қорғаушылар: Геза Давид Тури («Гримсби Таун», Англия), Поуль Кальсберг («Хиллерёд», Дания), Эмиль Вайхе Йоэнсен («НСИ Рунавик»), Маттиас Хеллисдаль («Вестерос», Швеция), Йоханнес Бьорталид («Қызылжар», Қазақстан), Ханус Сёренсен («Алюминий», Словения), Аки Самуэльсен («Мьельбю», Швеция); 

Шабуылшылар: Петур Кнудсен («НСИ Рунавик»), Адриан Юстинуссен («Хорсенс», Дания), Полль Андрассон Клеттскард («КИ Клаксвик»).

Жалпы, қазақстандық футболшылар Ұлттар лигасында 2024/25 жылғы маусымда В лигасында үшінші топта алты кездесудің бесеуінде жеңіліп, біреуінде тең ойнады. Салдарынан өз тобында төртінші орынды місе тұтып, қайтадан С лигасына түсіп қалды.