Ұлттық банк төрағасының орынбасары тағайындалды
13:15, 13 Наурыз 2026
АСТАНА. KAZINFORM — Бинұр Жәленов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
— Мемлекет басшысының өкімімен Бинұр Жәленов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Айта кетелік Мемлекет басшысының өкімімен Снежанна Имашева Қазақстандағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалған еді.