- Ұлттық банк Бірлескен іс-қимыл бағдарламасында көзделген шараларды іске асыруды қоса алғанда, сараланған макроэкономикалық және ақша-кредит саясатын жүргізуді жалғастырады, - деді ол.
Осы орайда ҰБ төрағасының бірінші орынбасары мынадай басым бағыттарға назар аударылатынын айтты:
инфляциялық қысымды тежеу мақсатында қажетті ақша-кредит шарттарын қолдау;
қосымша эмиссияға жол бермей, алтынды сатып алуға байланысты теңестіруге бағытталған операцияларды жүргізу;
ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін кезең-кезеңімен арттыруды іске асыру арқылы банк жүйесіндегі артық өтімділікті төмендету;
цифрлық теңгенi бюджет шығыстарының айқын және атаулы болуын арттыру құралы ретінде пайдалануды кеңейту;
тұтынушылық кредиттеуді тежеу шаралары;
Ұлттық қор мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кірістілігін арттыру.
- Аталған шаралар жалпы макроэкономикалық және қаржылық тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді Ерұлан Жамаубаев.
Бұған дейін Ерұлан Жамаубаев теңге бағамының нығаюына ықпал еткен факторларды атаған еді.