АСТАНА. KAZINFORM — Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күні мен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналған «Қазақ тілі — ғылым мен технология тілі» тақырыбында республикалық конференция өтті.
Фото: Зұлқарнай Ермұратұлы/Kazinform
Конференцияның ресми бөлігінен соң министр де, депутат та диктант жазды. «Тіл-Қазына» ұлттық орталығы мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, «Ұлттық диктант» жобасын ресми түрде іске қосты. Енді бұдан былай диктант жазу дәстүрі жыл сайын дәл осы күні ұйымдастырылып тұрады.
Фото: Зұлқарнай Ермұратұлы/Kazinform
— Бұл дәстүрлі жыл сайын өткізілетін диктант болады. Осы тіл күніне орай жыл сайын қайталанып келеді. Әрине тілдің болашағы цифрлық болмысқа тікелей байланысты. Кез-келген тіл «тірі» қаламын десе жасанды интеллект дәуірінде сол цифрлық форматқа бейімделуі керек, — дейді, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Диктантты белгілі диктор Қымбат Досжан жүргізді. Диктант мәтіні қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларынан таңдалды. Қатысушыларға баға қойылмайды, әркім өз сауаттылығын өзі тексереді.
Айта кетейік, әр азамат өз сауатын офлайн және онлайн түрде тексере алады. Онлайн нұсқасы www.til.kz сайтында қолжетімді. Қатысушыларға электронды алғыс хат пен KITAP платформасына тегін жазылым ұсынылады.
Айта кетелік Оксфорд университетінде қазақ тілі оқытыла бастады.
2012-2013 жылдары «ИРБИС» телеарнасында диктор,
2013-2014 жылдары «Қазақстан» РТРК АҚ Павлодар облыстық филиалы «Қазақстан-Павлодар» телеарнасында, тілші, 2014 жылдан бастап «Успен аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы болып қызмет атқарды. Успен аудандық мәдениет үйінде әдіскер болды. «Көркем сөз» балалар шығармашылық үйірмесінің жетекшісі. 2018-2023 жылдары «ERTIS» телеарнасында диктор болып қызмет атқарады. Сонымен қатар «ЕЛАРНА» телеарнасында қосымша жұмыс істейді. Сондай-ақ «31 канал» «ИнформБюро» жаңалықтар қызметінің Павлодар облысы бойынша меншікті тілшісі. 2021-2023 жылдары Павлодар педагогикалық университеті баспасөз қызметінің басшысы болып еңбек етті. 2023 жылдың қазан айынан бері ҚР Президенті телерадио кешені "JibekJoly/Silk Way" телеарнасында тілші болып еңбек етеді.