Мереке қарсаңында облыстық Полиция департаментінің шеру алаңында 20 жуық қызметтік автокөлік ұлттық аспап түрінде орналасты. Суретті толықтырған музыканттар әйгілі композитор Құрманғазының күйін орындады.
– Қасиетті домбыра әрқашан ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырды. Бұл ғасырлар тарихын бейнелейтін бойтұмарымыз. Оның үні жаңа жетістіктерге дем беріп, Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуіне үлес қоса берсін, - деп құттықтады ШҚО ПД бастығы генерал-майор Ерлан Омарбеков.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Ұлттық домбыра күнімен құттықтаған болатын.