Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізеді

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық қауіпсіздік комитеті 29 - 30 наурызда Астанада адамдар көп жиналатын объектілерде терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізуді жоспарлап отыр.

Фото: gov.kz

Комитеттің мәліметінше, іс-шара шеңберінде ҰҚК арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің дағдылары мен тактикалық іс-қимылдарын қалалық жағдайларда пысықтау көзделеді.