Руслан Сарқұлов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды
11:00, 25 Қыркүйек 2024
АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Серікұлы Сарқұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының екі орынбасары тағайындалғанын жазған едік.
Сондай-ақ Бақытбек Жамалбекұлы Қосжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.