16:01, 23 Қыркүйек 2024 | GMT +5
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының екі орынбасары тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық қауіпсіздік комитетінде бірқатар ауыс-түйіс болды.
Бүгін Мемлекет басшысының өкімімен Марат Қабиденұлы Жұмабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымына тағайындалды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының өкімімен Алмас Тілепбергенұлы Наймантаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Ал Бақытбек Жамалбекұлы Қосжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.