— Салтанатты рәсім барысында білім беру жүйесін дамытуға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және оқу мәдениетін ілгерілетуге елеулі үлес қосқан мамандар марапатталды. Министрліктің бұйрығына сәйкес 2 қызметкер «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды, тағы 28 маман Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Алғысына ие болды, — делінген хабарламада.
Іс-шара аясында жас оқырмандардың, орындаушылар мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Кеш барысында музыкалық нөмірлер, Абай Құнанбайұлының шығармалары және қазақ өнерінің алтын қорына енген туындылар орындалды.
Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Ұлттық кітап күнімен құттықтады.
Ал Қазақстанда 12 мыңға жуық кітапхана жұмыс істейді.