«Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы орынбасарының құқыққа қайшы әрекет жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды. Қазіргі уақытта құзыретті органдар ІІМ-мен бірлесіп, тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ведомство ақпаратында сыбайлас жемқорлыққа қатысты төзбеушілік принципі туралы айтылған.
«Қолданыстағы заңнама шеңберінде объективті және жан-жақты тергеу жүргізіледі», - дейді министрліктен.
Еске салсақ, өткен жылы Ішкі істер министрлігіне Ұлттық ұланның қызметін реттейтін бірқатар құзырет берілген еді.