Ұлттық ұланда 30 түрлі ұлт өкілдері қызмет етеді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақ, өзбек, орыс, ұйғыр, татар, кәріс, әзербайжан, күрд және өзге де этностардың өкілдері мемлекеттік саясаттың негізін құрайтын бірлік пен келісім қағидаттарын айқын көрсетеді. 

Фото: Ұлттық ұлан

Әскери қызметшілер ұлтына қарамастан ортақ міндетті - қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді абыроймен атқарып жатыр.

Ұлттық ұланда ұлтаралық келісімді нығайтуға, өзара құрметті қалыптастыруға және біртұтас ұжымдық рухты дамытуға ерекше мән беріледі.

Айта кетелік ел бойынша Бірлік күніне орай 5 мыңнан астам іс-шара өтеді