Еңбек нарығы мен үдемелі индустриалды-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес кадрларды дайындау мәселесіне тоқталған Т.Балықбаев: «Бұл саладағы жұмыстар басталған. Оны ары қарай жалғастырамыз. Ұлттық біліктілік жүйесінің арасында кәсіптік стандарттар дайындалады. Сол біздің білім берудің бағдарламаларының негізі болады», - деді.
Вице-министрдің атап өтуінше, жоғарыда аталғандарға қосымша мемлекеттік тапсырыс экономика сұраныстарына сай келетін болады және ЖОО-ларды оңтайландыру аясында лицензиялық талаптарға сай келмейтін жоғары оқу орындарын одан ары қысқарту бойынша жұмыстар жалғасады.