Жиынға ҚР Президенті, Ұлттық құрылтайдың төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады.
Еске салайық, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай құрылған болатын.
Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 16 маусым күні Ұлытау облысында өтеді.
Сондай-ақ Президенттің Жарлығымен құрылтайдың құрамы жарияланды.
ҚР Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ҚР Президенті жанынан мұндай институттың не үшін құрылғанын, оның құрамы қалай жасақталғанын түсіндірді.