Сапалы нәтижені қамтамасыз ету қадамдарына тоқталған вице-министр: «Бюджет қаражатын игермегені үшін жауапкершілікті алып тастап, оны нәтижелерге қол жеткізбегені үшін деген жауапкершілікке ауыстыру ұсынылады. Бізде ұлттық жобалар индикаторларға байланған, әр индикаторға жауапты лауазым иесі бекітілген», - деді.
Осы орайда ол индикаторға қол жеткізілмесе, бұл жағдайда жауапкершілікке тарту мәселесі қозғалады.
«Сондықтан ұлттық жобалар бөлігінде қаражатты игермегені үшін бұл жауапкершілікті нәтижеге қол жеткізбегені жауапкершілігіне ауыстыру ұсынылып отыр», - деді А. Әмрин.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне ұлттық жобалар бойынша пайдаланылмаған қаражатты келесі жылы толық пайдалану құқығын беру ұсынылып отыр.