«2023 жылғы 6 маусымда Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігі Еуропа мәселелері жөніндегі мемлекеттік хатшысының орынбасары Лео Докерти Алматыға жұмыс сапарымен келеді. Сонымен қатар 8-9 маусымда Ұлыбритания Парламенті Қауымдар палатасы қорғаныс комитетінің төрағасы Тобиас Эллвуд Астана халықаралық форумына қатысады. Сапарлар аясында британ ресми тұлғаларының Қазақстан мемлекеттік органдары өкілдерімен бірқатар кездесуі жоспарланған», - деді Айбек Смадияров ведомствоның апталық брифингі барысында.
Еске салайық, 8-9 маусымда Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Астана халықаралық форумы өтеді.