Кейбір деректерде Шыңғыс ханның сарай сазгері болған делінетін Домбауыл Жошы ханның өлімі құланнан келгенін білгенде Ұлытау өңіріндегі құланның тұқымын жойып жіберген. Көне аңыздардан бүгінге осындай мәлімет жеткен. Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің экскурс жүргізушісі Диана Қаппарованың айтуынша, аңыздың қисыны керемет болғанымен, кесененің «жасы» мен Шыңғыс ханның өмір сүрген заманында алшақтық бар. Өйткені Домбауыл кесенесі VIII-ІХ ғасырлардың нысаны болып есептеледі.
«Домбауыл - әлемді жаулаған Шыңғыс ханның сарай сазгері болған дейтін деректер бар. Жошы ханның өлімі құланнан болғандықтан, орталық Қазақстан аумағынан құланды жойып жіберген деп те айтылады», - деді музей қызметкері.
Айта кетейік, Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Президенттің алдында қандай негізгі проблемасын көтеретінін айтты.