«Ұмай» әйелдер ипотекасы — мемлекеттік бағдарлама емес — «Отбасы банк» басшысы

АСТАНА.KAZINFORM — Әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекалық бағдарламасы 2026 жылы тамыз айының соңына дейін іске қосылады. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте «Отбасы банк» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов\Kazinform

Оның айтуынша, аталған банк Азия даму банкінен тартылатын қаражаттың болжамды құнын қазірдің өзінде белгілі.

— Өздеріңіз білетіндей, «Отбасы банкінен» айырмашылығы, әйелдер ипотекасы — тартылған қаражат есебінен қаржыландырылатын жоба. Нақтырақ айтқанда, әйелдер тұрғын үй сатып ала алады. Бастапқы нарықтан да, қайталама нарықтан да алуға мүмкіндік бар. Мұнда шектеулер жоқ, бұл мемлекеттік бағдарлама емес. Ең бастысы, депозит болуы керек және ондағы қаражат жинау мерзімі де маңызды. Сондықтан біз, әрине, депозиттерді алдын ала ашуға кеңес бердік, — деді Ләззат Ибрагимова.

Банк басшысы бағдарламаға деген қызығушылықтың жоғары екенін де атап өтті.

— Бұл өнімге сұраныстың өте жоғары екенін көріп отырмыз. Банк алдын ала қарыз береді. Қазір автоматтандыру процестері бойынша барлық жұмыс дайын. Менің ойымша, шамамен екі аптадан кейін бағдарламаның іске қосылуына қатысты жақсы жаңалықтар болады, — деп сендірді ол.

Еске салайық, «Ұмай» бағдарламасы алғаш рет 2021 жылы іске қосылып, 2023 жылға дейін жұмыс істеді. Кейін оны жүзеге асыру уақытша тоқтатылды. Бастапқыда бағдарламаны 2025 жылдың басында қайта іске қосу жоспарланған болатын, алайда оның іске қосылуы кейінге шегерілді.

Бағдарламаға 18 бен 65 жас аралығындағы, ресми табысы бар және соңғы алты ай бойы зейнетақы жарналарын төлеп отырған әйелдер қатыса алады.

Айта кетейік, бұған дейін «Ұмай» ипотекасы туралы толығырақ жазғанбыз.