Үндістанда ішінде адамдар болған аттракцион құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістандық Ченнаи қаласының маңында орналасқан Кишкинта (Kishkinta) ойын-сауық саябағында адамдар болған аттракцион құлады, деп хабарлады Лента.ру.

«Танцор диско» әткеншегі құлады. Жуырда болған оқыс оқиға видеоға түсірілген. Оқиға салдарынан 20 адам зардап шекті, олардың бірі қаза тапты.

Жапа шеккендердің барлығы ойын-сауық саябағының қызметкерлері болған. Басшылық олардан жуырдағы апат салдарынан бұзылған аттракционды сынап көрулерін сұрады. Жапа шеккендердің сөздеріне қарағанда, оларды «Диско» әткеншегіне күшпен мәжбүрлеп мінгізген.

NDTV порталы хабарлағандай, 12 мамырда кешке полицейлер Кишкинта иесі Джош Панништі (Josh Punnish) ұстады. Оған адам өліміне әкелген бейжайлық танытты деген айып тағылды.