Үндістанда су тасқынынан қаза тапқандар саны 170-тен асты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістанның түрлі өңірлерінде толассыз жауған муссон жаңбырынан туындаған су тасқыны бес күнде 174 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Times of India басылымына сілтеме жасап.

Газеттің жазуынша, кешегі жексенбінің өзінде33 адам ажал құшқан.

Тасқын елдің оңтүстік-батысындағы Керала,батысындағы Гүжарат штаттарына көп залал келтіріп жатыр. Соңғы күндері Кералада15, Гүжаратта 11 адам қаза тапқан.

Соңғы кездері Үндістанның оңтүстігі мен батысжағалауларында муссон жаңбыры құйып тұр. Ал шілде айында муссон жаңбыры елдіңшығысына алапат шығын әкеліп, жүздеген адамның өмірін қиған еді, бұдан тыс 10миллионнан астам адам зардап шеккен.

Еске сала кетейік, маусымның соңында ОңтүстікАзияға соңғы он жылдағы ең күшті муссон келген болатын. Толассыз жауғанжаңбырдан көлік қозғалысы қиындап, ғимараттар қирады және қайғылы оқиғалар көпболды.