«Қазір дауыл Үндістан жағалауынан ығысты. Соңғы деректер бойынша зардап шеккендер арасында Қазақстан Республикасының азаматы жоқ. Жойқын апаттан 15 адам зардап шеккен. Біздің елдің азаматтары Үндістандағы елшілікке жүгінбеген» - делінген ведомство мәліметінде.
Еске салсақ, Үндістанның жағалаудағы елді мекендерінен «Фани» циклоны төнуіне байланысты жүздеген мың адам эвакуацияланған болатын. Соңғы деректер бойынша, қауіпсіз жерге көшірілгендер саны бір миллионнан асқан.