NDTV арнасының хабарлауынша, Үндістан Қорғаныс министрлігіне қарасты Қорғаныс зерттеулері мен әзірлемелер ұйымы (DRDO) жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10:30 шамасында Одиша жағалауынан екі зымыран ұшырды.
Министрлік мәлімдемесінде әртүрлі оқтұмсықтарды тасымалдауға қабілетті екі зымыранның да жоспарланған траекториясын дәл орындағаны және ұшырудың сәтті аяқталғаны айтылды.
Бұған дейін Солтүстік Корея алыс қашықтыққа арналған қанатты зымырандарын ұшырды.