Сапар биыл дипломатиялық қатынас орнатылғанына 79 жыл толып отырған екі ел арасындағы байланыстардың нығаюы аясында өтіп жатыр.
Гаагада үнді премьері Нидерланд премьер-министрі Роб Йеттенмен келіссөз жүргізді. Тараптар жартылай өткізгіштер, жоғары технологиялар, жаңартылатын энергетика, су шаруашылығы, ауыл шаруашылығы және қорғаныс салаларындағы ынтымақтастықты талқылады.
Сапар аясында Нарендра Модидің король Виллем-Александр және патшайым Максимамен кездесуі өтті. Үндістан үкіметінің басшысы екі халықтың тарихи және мәдени жақындығын атап өтіп, мемлекеттер арасындағы серіктестіктің одан әрі дами түсетініне сенім білдірді.
Сапар барысында Нидерландыдағы үнді диаспорасының өкілдерімен кездесуге де ерекше назар аударылды. Бұл – құрлықтық Еуропадағы ең ірі үнді қауымдарының бірі. Отандастары алдында сөйлеген Моди диаспораны Үндістан мен Еуропа арасындағы «тірі көпір» деп атады.
Сапар 17 мамырға дейін жалғасады деп күтіліп отыр. Одан кейін Нарендра Моди Еуропа турнесін жалғастырып, Швеция, Норвегия және Италияға барады.
Еске сала кетсек, Үндістан премьер-министрі энергетикалық дағдарысқа байланысты ел тұрғындарына қашықтан жұмыс істеуге қайта оралуды және шығындарды қайта қарауды ұсынған еді.