Үндістандағы ұшақ апаты: 20 медицина студенті жарақат алды

Фото: x.com/ShrutiDhore

НЬЮ-ДЕЛИ. KAZINFORM — Air India әуе компаниясының ұшағы Үндістанның батысында апатқа ұшыраған сәтте жатаханада болған 20 медицина студенті жарақат алды. Бұл туралы NDTV телеарнасы хабарлады, деп жазды ТАСС. 

NDTV телеарнасы таратқан мәліметке сәйкес, құтқару операциясы әлі де жалғасып жатыр.

Бұған дейін Үндістан полициясы Air India ұшағы дәрігерлерге арналған жатақхана ғимаратына құлағанын хабарлаған болатын.

Еске сала кетейік, Air India әуекомпаниясының Boeing 787 Dreamliner ұшағы Ахмедабад қаласындағы Сардар Валлабхбхая Патела халықаралық әуежайынан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшырады.

Ахмадабадтан 13:38–де көтерілген Boeing 787-8 ұшағының бортында 242 жолаушы мен экипаж мүшелері болған. Олардың 169-ы Үндістан азаматы, 53-і Ұлыбритания азаматы, біреуі Канада азаматы және жетеуі Португалия азаматы болғаны хабарланды. 

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады.