Дүлей дауыл 3 қараша, сейсенбі күні жағалауға жетті. Өңірлік табиғи апаттардың салдарын жою басқармасының мәліметінше, циклон салдарынан кемінде екі адам қаза тапқан.
Толассыз жауған жаңбыр штаттың бірнеше ауданында су тасқынына әкелді. Кейбір ауылдарды су басып, автомобиль жолдары бүлінді.
4 қараша, сәрсенбі күні штаттың бас министрі Чандрабабу Найду зардап шеккен аумақтарды әуеден шолып шықты. Оның айтуынша, бірқатар елді мекен әлі де су астында қалып отыр.
Сол күні Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Найдумен телефон арқылы сөйлесті. Штат басшысы түрлі салаларға айтарлықтай залал келгенін айтып, орталық үкіметтен көмек сұрады.
Бұған дейін Үндістанның оңтүстік жағалауына «Арнаб» циклоны соғып, кемінде бес адамның өмірін қиған еді.
Сондай-ақ Боливия билігі су тасқыны қаупіне байланысты төтенше жағдай жариялады.