Боливия билігі су тасқыны қаупіне байланысты төтенше жағдай жариялады
АСТАНА. KAZINFORM — Боливия президенті Родриго Пас Эль-Ниньо климаттық құбылысына байланысты елде төтенше жағдай жариялады. Бұл шешім құрғақшылық пен алдағы айларда су тасқыны қаупі төнген кезде қабылданып отыр, деп хабарлайды Синьхуа.
Боливия президенті Родриго Пас сенбі күні Эль-Ниньо климаттық құбылысына байланысты елде төтенше жағдай жариялау туралы жарлыққа қол қойды.
Оның айтуынша, бұл шешім Боливияның бірнеше аймағына әсер еткен құрғақшылықпен күресуге және алдағы айларда болуы мүмкін су тасқынына дайындалуға бағытталған.
Президент құрғақшылықтан 63 елді мекен зардап шеккенін хабарлады. Сонымен қатар малшылар жем-шөп тапшылығына тап болған.
Бұған дейін, сәрсенбіде Боливияның Азаматтық қорғаныс агенттігі су тапшылығы елдің тоғыз департаментінің алтауында шамамен 80 000 отбасына әсер еткенін хабарлады.
Сонымен қатар құрғақшылық 75 000-нан астам мал басының өліміне әкелді.
Бұған дейін Боливия президенті жаппай наразылықтарға байланысты елде төтенше жағдай енгізгенін жазған едік.