АСТАНА. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 2023 жылғы Қысқы универсиадада қай топта сынға түсетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қысқы унисериада аясындағы шайбалы хоккей турнирі АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында 12 -22 қаңтар аралығында өткізіледі.
Қазақстандық хоккейшілер іріктеу сатысында Оңтүстік Корея, Венгрии, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ құрамаларымен шеберлік байқасады.
Ал тағы бір топта Канада, Венгрия, Жапония, Латвия, Швеция, Украина құрамалары өзара сайысқа түседі.
Әрбір топтан алғашқы екі орын алған құрамалар плей-офф сатысына жолдама алады.
Айта кетсек, еліміздің хоккейшілері 2019 жылғы Қысқы универсиадада төртінші орын алды. Ал 1995 жылы бірінші орын алса, 1993, 2013, 2015, 2017 жылдарда күміс жүлдегер болды.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» «Салават Юлаевтан» басым түсті.
Фото: sports.kz
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.