Хоккей: «Барыс» «Салават Юлаевтан» басым түсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін Ресейде «Салават Юлаев» (Уфа) клубына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық команда бұдан бұрын тоғыз кездесудің сегізінде жеңілді. Турнир кестесінде жиырма тоғыз ойыннан кейін 26 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 18-орында келеді.

Осыған байланысты бүгінгі ойынды олар белсенді бастады. Нәтижесінде қазақстандық клубтан Егор Петухов 39, Аркадий Шестаков 59-минуттарда көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Осылайша, «Барыс» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.

Нәтижесінде олар турнир кестесінде 17-орынға көтерілді.

Қазақстандық команда бұдан бұрын тоғыз кездесудің сегізінде қарсыластарына есе жіберіп қойған еді. Ал, соңғы үш кездесуде жеңілістің ащы дәмін татты.

Енді елордалық клуб 15 қарашада Реесйде «Автомобилист» (Екатеринбург) командасымен кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» «Металлургтен» жеңіліп қалды.


Соңғы жаңалықтар