«2017 жылы 8 ақпан күні сағат 13:00-ден бастап, салтанатты рәсімнің аяқталатын уақытына дейін Момышұлы көшесінің Рысқұлов даңғылы мен Ақын Сара көшелерінің арасындағы бөлігі екі бағытта да жабық болады», - делінген Алматы ІІД-нің таратқан хабарламасында.
Сонымен қатар полицейлер азаматтарға жол маршруттарын алдын ала жоспарлауға және жол ережелерін қатаң ұстауға шақырады.
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, 8 ақпан күні өтетін Универсиаданың жабылу салтанатында «Алматы Аренаға» жанкүйерлер мен меймандарды жеткізу кезінде қосымша маршруттар жасақталады.
Арнайы көліктер қаланың екі жерінде қызмет көрсетпек, автобустар 15.00-17-30 сағатта қатынай бастайды.
1. Орталық Стадион - «Алматы Арена» мұз кешені;
2. Астана Алаңы (ҚБТУ) - «Алматы Арена» мұз кешені.
Жүру ақысы - 100 теңге.