Ұрланған алты жасар Мұхаммед табылды - ОҚО

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында жоғалып кеткен бүлдіршінді полицейлер Арыс қаласынан тапты

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды otyrar.kz. Полицейлердің айтуынша, баламен бірге 60 жастағы әйел болған. «Ол кісінің бет-бейнесі бұған дейін таратылған фотороботпен ұқсас келді. Толық ақпарат кейінірек беріледі», делінген хабарламада.

Қазір Мұхаммед Шымкентке келе жатыр. Анасы Жанна Ағабекованың айтуынша, тәртіп сақшылары баланың денсаулығы қалыпты, жағдайы жақсы деп мәлім етті.

Еске салайық, бұған дейін облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері 6 жасар Мұхаммедтің жоғалуын тексеру барысында осы іске қатысты екінші күдіктінің барын айтқан еді. Ал бірінші күдіктің фотороботы жасалып, іздеу жарияланған болатын.