Үрлемелі орасан зор Ай Фучжоуда адамдар мен машиналарды басып өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы Фучжоу қаласында орасан зор, сырттай қарағанда көзге Айды елестететін үрлемелі шар адамдарды құлатып, машиналарды басып өтті.

Алапат жел мен нөсер жаңбыр алып келген «Меранти» дауылының салдарынан ауа толтырылған мереке атрибуты тіреуішінен жұлынып кетіп, қаланы еркін шарлады.

Атап айтқанда, орасан зор шар машиналар мен үйлердің үстінен өтті. Ол адамдарды құлатты, көліктерді басып, үлкен кептеліс туғызды. Осыған байланысты тіпті қала билігіне қосымша айналма жолдарды ұйымдастыруға тура келді.