«Полицияға үйдің жанында тұрған «Камаз» көлігінен белгісіз біреулер автокөліктен аккумуляторды ұрлап кеткені жөнінде арыз келіп түсті. Осындай арызбен тағы бір қала тұрғыны шағымданған», - дейді баспасөз қызметінен.
Астана қаласының криминалдық полиция қызметкерлері жедел- іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қала мекемесінің бірінде жүргізушісі болып жұмыс істейтін 31-жасар Ш. деген азаматты ұстаған.
«Ол қызмет көлігін (шағын автобус) пайдаланып, ұрланған заттарды сол жерден шығарып алған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сонымен қатар ұсталған күдіктінің бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде», - делінген хабарламада.
Ұрлық оқиғкасы бойынша ұсталған күдіктінің Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Ұлтты сараптама орталығында жұмыс істегені анықталып отыр.