Урсула фон дер Ляйен Парижде Эммануэль Макронмен кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Парижге барып, Елисей сарайында Франция президенті Эммануэль Макронмен келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Келіссөзге қатысушылар Еуропалық Одақтың бәсекеге қабілеттілігі, еуропалық қауіпсіздік пен қорғаныс, Украинаға қолдау көрсету мәселелерін талқылайды.
Бұған дейін Эммануэль Макрон сейсенбіде Париждің Ресей президенті Владимир Путинмен диалогты қайта бастауға «дайынданып жатқанын» мәлімдеген. Ол мұның Украина президенті Владимир Зеленскиймен «ашық және ақылдаса отырып» жасалып жатқанын атап өтті.
Франция президенті биыл қаңтар айының басында Ресей басшылығымен тікелей диалогты қалпына келтіру жоспарын жариялады.
Сонымен қатар, Бельгияда 12 ақпан күні Еуропалық Одақ көшбасшыларының келесі саммиті өтеді.