4 қаңтар күні Астанада криминалдық полиция қызметкерлері жалдамалы пәтерлерде тұрған, бұрын бірнеше рет сотталған Ақтөбенің тумасын тұтқындады. Ол 2016 жылдың 29 желтоқсан күні (залалы 35 млн теңге) және 3 қаңтар күні (залалы 800 мың теңге) ломбардтардан ақша мен зергерлік бұйымдарды екі рет тонаған.
1 қаңтар күні жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы қаласындағы Абылай хан даңғылында жалдамалы пәтерде тұрып, 2016 жылдың желтоқсан айында Таугүл-3 мөлтекауданындағы пәтердің терезесін майыстырып ашып, жарты миллион теңгелік мүлікті ұрлаған Алматы облысының екі тумасы ұсталды. Сондай-ақ, олардың қаладағы Алатау және Жетісу аудандары аумағындағы екі пәтерді тонағандары дәлелденді.
Алматы облысы Қарасай ауданының тумасы уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Ол Алматыдағы Тұрғұт Озал көшесінде жалдамалы пәтерде тұрып, 1 қаңтар күні 880 мың теңгелік «БМВ» автокөлігін қолды еткені үшін тұтқындалды. Күдіктінің 7 қаңтар күні түнгісін Әуезов пен Ғабдуллин көшелерінің қиылысындағы көлікті ұрлағаны дәлелденді.
Астанада Абылай хан даңғылындағы жалдамалы пәтерде тұрып, алаяқтық жасау арқылы 9 млн теңгені ұрлағаны үшін қаңтар айында полицейлер 40 жасар және 28 жасар Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарын ұстады.