«Ағымдағы жылы полиция қызметкерлері ұрланған 2505 көліктің 2144-ін заңды иелеріне қайтарып берді. Қалғандарын жедел іздестіру шаралары жүргізілуде. Автомобильдердің басым бөлігі еліміздің Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Өскемен сынды ірі қалаларында ұрланады. Ұрыларды «ВАЗ», «Mazda», «Volkswagen», «Mitsubishi» және «Mercedes» модельді автокөліктер қызықтырады», - деді Алмас Садубаев.
Айта кетейік, бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар көлігін ұрлатқан азаматтарды оған салық төлеуден босату мәселесін көтерген болатын.