Осыған дейін хабарлағанымыздай, жол апаты 27 мамыр күні таңертеңгі сағат 7 шамасында Бурабай ауданы аумағындағы «Астана-Көкшетау» тасжолының бойында болған. «Hyundai Grand Starex» минивен жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, бос тұрған көліктік бақылау бекетінің ғимаратына соғылды. Жол апатынан машинада отырған 3 адам оқиға орнында көз жұмса, тағы 4 адам аудандық аурханаға жеткізілген болатын.
«Осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, сараптама тағайындалды. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», - деп түсіндірді ІІД баспасөз хатшысы Әсем Әдірахманова.