Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Самара-Шымкент тасжолындағы жол-көлік оқиғасына қатысты істің жарыссөзі өтті. Онда мемлекеттік айыптаушы істің мән-жайын түсіндірді.
«Бұл іс Қылмыстық кодекстің 11-бабына сәйкес орташа ауырлықта және абайсызда жасалған қылмыс санатына жатады. Қылмыстық кодекстің 54-бабына сәйкес қылмыстық жазаны ауырлататын мән-жай сот барысында және тергеп-тексеру кезінде анықталмаған. Қылмыстық кодекстің 53-бабына сәйкес оның бұрын сотты болмағаны, кінәсін толық мойындауы, шын ниетпен өкінуін, жәбірленушілермен татуласуын, олардың кешірім беруін және материалдық-моральдық талап қоймауын жазаны жеңілдететін мән-жай деп ескеруді сұраймыз. Жаза тағайындау барысында оның жағымды мінездемелерін ескеруді сұраймыз. Жағымсыз мінездемелер тіркелмеген. Сотталушы Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оны 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 5 жыл бас бостандығанан айыру жазасын тағайындауды сұраймыз. Жазасын өтеу орны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесі деп белгілеуді сұраймыз», - деді мемлекеттік айыптаушы.
Еске салсақ, жол-көлік оқиғасы былтыр желтоқсан айында болды. Онда екі оқушы мен бір мұғалім көз жұмды. Рульде сол мектептің мұғалімі болған. Сот отырысы басталған кезде жол-көлік оқиғасының салдарынан бір оқушының басы жұлынып қалғаны да белгілі болды.