Ақтөбеде олимпиадаға бара жатқан оқушылар жол апатына ұшырады

жол апаты
Фото: Рixabay

Ақтөбенің Ырғыз ауданында таксиге мінген 5 оқушы мен 1 мұғалім жол-көлік оқиғасына ұшырады. Олардың жағдайы туралы әзірге нақты ақпарат жоқ, деп хабарлайды Kazinform.

Ырғыз ауданы әкімдігінің мәліметінше, Toyota Alphard машинасы жүк көлігіне соғылған.

«Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне бара жатқан 5 оқушы, 1 мұғалім таксиге мінген. Оқиға орнына Ырғыз аудандық білім бөлімі қызметкері бара жатыр», - деді Ақтөбе облыстық Білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.

Соңғы жаңалықтар
telegram