Бұл туралы бүгiн Астана қалалық IIД Әкiмшiлiк полиция басқармасы бастығының орынбасары Ғосман Жакин мәлiм еттi.
"Көше жағдайында балалар үшін ерекше қауіпті - ол жол. Бұл көбіне 12 жасқа дейінгі балаларға қатысты. Астана қаласы ІІД ӘПБ мәліметтері бойынша биылғы жылдың 1-тоқсанында Астана қаласында 19 бала дене жарақатын алған 19 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның ішінде: жаяу жүргінші балаларды соғудың 16 фактісі және балалар ЖКО жолаушысы ретінде қауіпсіздік белбеуін тағынбау салдарынан зардап шегудің 3 фактісі", - дейдi Ғ.Жакин.
Сонымен қатар оның айтуынша, Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция Басқармасымен кәмелетке толмағандардың құқықтарын, олардың денсаулықтары мен өмірлерін қорғау мәселелеріне көп көңіл бөлінуде.
"Мектеп демалысы қарсаңында ата-аналар мен кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін балалармен болатын оқыс оқиғалар туралы ақпараттандыру үшін бізбен осындай деректердің алдын алу бойынша кеңестер әзірленді. Осы кеңестер Астана қ. ювеналдық полиция қызметкерлерімен тұрақты негізде мектепке дейінгі және жалпы білім беру мекемелерінде жеткізіліп отырады", - деп атап өттi