— Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу-оперативті іс-шаралар жүргізіліп жатыр, — делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Тергеу қорытындысы бойынша оқиғаға құқықтық баға беріледі.
Еске сала кетейік, түнде Астана қаласының Есіл ауданындағы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден өрт шықты.
ТЖМ қызметкерлері жоғары қабаттардан 20 адамды эвакуациялады, шамамен 40 тұрғын өз еркімен ғимараттан шықты.
Оқиға орнында үш кәмелетке толмаған баланың денесі табылды.
Бір әйел адам күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілді.