Қала тұрғындарының бірі көшеде тұрған баннерге назар аударып, таңданысын жасыра алмаған. Әлеуметтік желіге салған баннердің суретінен үш қолды ерлі-зайыптыны көруге болады.
— Бұл баннер Ульянов көшесінде, 59 және 61 үйлердің арасында орналасқан. Дизайнер тек қағаз жүзінде ғана болған сияқты, әйтпесе маман мұндай қателікті жібермес еді, — дейді тұрғын.
Петропавл қалалық әкімдігі әлеуметтік желідегі шуға қатысты жауап берді.
— Бұл баннер Петропавлдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қолдау орталығы жанына қойылған. Нысан биыл қыркүйек айында ашылған еді. Орталық қиын тұрмыстық жағдайға тап болған әйелдерге психологиялық қолдау көрсетеді. Баннердегі қателік емес, автордың көркемдік тәсілі. Дизайнер осылайша отбасыны қорғауды және оның көп міндетін көрсетпек болды. Автордың ойын түсінбегендіктен, баннерді басқаға ауыстыруға шешім қабылданды, — дейді әкімдік өкілдері.
Бұған дейін мектеп оқулықтарын тексеру барысында 700-ден астам өрескел қате анықталғанын жазған едік.