— Жергілікті маңызы бар жолдар толығымен әкімдіктердің құзыретіне жатады. Биыл осы жолдарда 251 адам қаза тапты. Оның 90 пайыыы Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстарында орын алған, яғни, осы үш облыста жағдай өте ауыр. Негізгі себеп — көліктердің бетпе-бет соғысуы, кедергілер мен жануарларды қағып кету және аударылу жағдайлары. Осы облыстардың әкімдері бұл мәселені шұғыл түрде қолға алу керек. Атап айтқанда қоршаулар мен жол белгілерін орнату, қауіпсіз жол жиектерін жасау, тесік-шұңқырларды жою шараларын қабылдау қажет, — деді Ержан Сәденов.
Оның айтуынша, елді мекендерде инфрақұрылым мәселесі де жақсы емес. Барлық жол-көлік оқиғаларының 80 пайызы және адам өлімінің үштен бірі осы елді мекендерде орын алған. Бұған негізгі себеп — жаяу жүргінші өтпелері, жарықтандыру және тротуарлардың жоқтығы.
— Атап айтқанда, 19 мың өтпені бағдаршаммен жабдықтау, 100 мың метр жаяу жүргінші қоршауын салу, 15 мың шақырым жарықтандыру желісін және 60 мың шақырым тротуар төсеу қажет. Мысалы, Қостанай облысында барлық жаяу жүргінші өткелдің тек 2 пайызы пайызы ғана бағдаршаммен реттелген. Ал, Қызылорда облысында бұл көрсеткіш — небәрі 3%пайыз. Алматы, Жамбыл, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында 9 пайыздан аспайды, — деді министр.
Айта кетейік, отырыста жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралып, жылу беру маусымына дайындық барысы пысықталып жатыр.