Үш облыста көлік қозғалысы шектелді
АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылғы 28 желтоқсан сағат 00:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар екі облыстық автожолда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысы шектеліп, жолдар жабылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК хабарлады.
Ақмола облысы:
— «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының 337-595 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасынан Солтүстік Қазақстан облысы шекарасына дейін);
— «Қостанай- Әуликөл- Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған елді мекеніне дейін);
— «Жақсы — Есіл — Бұзылық» автожолының 0-82 шақырым аралығы (Жақсы елді мекенінен Бұзылық елді мекеніне дейін);
— «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы (Қайрақ өткізу пункті)» автожолының 16-419 шақырым аралығы (Астана қаласынан СҚО шекарасына дейін);
— «Астана-Қорғалжын» автожолының 19-124 шақырым аралығы (Астана қаласынан-Қорғалжын ауылына дейін).
Солтүстік Қазақстан облысы:
— «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» автожолының 834-856 шақырым аралығы (Чистополье ауылынан-Ақмола облысы шекарасына дейін)
— «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының 595-624 шақырым аралығы (Ақмола облысы шекарасынан Достық ауылына дейін)
Қостанай облысы:
— «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының 340-377 шақырым аралығы (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін)
— «Қостанай- Әуликөл- Сұрған» автожолының 218-232 шақырым аралығы (Октябрьское ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін);
Жолды 2025 жылғы 28 желтоқсан сағат 09:00–де ашу жоспарланған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жетісу облысында көлік қозғалысы шектелгенін жазған едік.