Үш облыста жол ашылды — ҚазАвтоЖол
АСТАНА. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ауа райының күрт нашарлауына байланысты үш облыста жабылған жол учаскелері таңғы 7:00–де ашылатынын хабарлады.
— 2026 жылғы 1 қаңтар сағат 07:00–да келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылады, — делінген хабарламада.
Батыс-Қазақстан облысы
— «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 189-492 шақырым аралығы (Атырау облысының шекарасынан Орал қаласына дейін);
— «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 273-526 шақырым аралығы (Барбастау ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін).
Ақтөбе облысы
— «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 526-610 шақырым аралығы (Батыс Қазакстан облысының шекарасынан Қобда елді мекеніне дейін).
Атырау облысы
— «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 179-189 шақырым аралығы (Индербор кентінен Батыс Қазақстан облысының шекарасына дейін).
Еске салайық, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі жолдағы көктайғаққа байланысты тұрғындарға үндеу жасаған еді.