Үш өңірде күн бұзылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының бұзылуына байланысты синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

1 тамызда Ақмола облысының кейжерлерінде найзағай ойнап, күндіз дауылтұрады. Бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен соққан желдің екпіні кей жерлерде - 15-20м/с, күндіз - 25 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде 36 градус аптап ыстық болады.

Осы күні Көкшетау қаласында күннің екінші жартысында күн күркірейді. Оңтүстік-батыстанжәне оңтүстіктен күшті жел соғып, желжылдамдығы 15 м/с дейін күшейеді.

31 шілде күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап,дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің күші - 15-20 м/с.Күндіз кей жерлерде 38 градус аптап ыстық болады.

1 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде күн күркіреп, дауыл соғады.Оңтүстік-батыстан және батыстан жел соғады. Түнде жел екпіні - 15-20 м/с, 23м/с болады. Күндіз кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады.