Ерлер арасында биатлоннан 10 шақырым спринт додасына Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев, Вадим Куралес және Александр Мухин қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Владислав Киреев 29 минут 47.4 секунд нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Ал Вадим Куралес мәре сызығын екінші кесіп, ел қоржынына күміс жүлде сыйлады.
Сонымен қатар Әсет Дүйсенов пен Александр Мухин мәреге 6-7 болып жетті.
Айта кетейік, бұл — Қазақстан делегациясының қысқы Азия ойындарындағы үшінші алтын медалі.
Бұған дейін Шерзод Хаширбаев және Роман Иванов фристайл-акробатикадан ерлер арасында синхронды секіру сынында 97.92 ұпай жинап, ел қоржынына екінші алтын медаль салған еді.
Бас серіктес – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
Серіктес – Sport Qory спортты қолдау қоры