АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына өте алмады.
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші сербиялық Александра Круничпен бірге екінші айналымда германиялық Татьяна Мария — түркиялық Зейнеп Сонмезбен кездесті.
Бірінші партияда қазақстандық-сербиялық жұп қос брейк жасап, 5:0 есебімен алға кетті. Сосын қарсыластарына бір ғана гейм берді — 6:1.
Екінші сетте есеп 5:6 болған мезетте сербиялық теннисшінің жарақатына байланысты матч тоқтатылды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын АҚШ ашық чемпионатында Елена Рыбакина үшінші айналымға жолдама алғанын жазған едік.
Сондай-ақ Анна Данилина жұптық сында екінші айналымға өтті.
Александр Бублик төртінші айналымнан тыс қалды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).