Үстел теннисі: Құрманғалиев WTT Youth Contender турнирінің 1/8 финалына шықты

Фото: Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық спортшы Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Тунистегі WTT Youth Contender халықаралық турнирінің 1/8 финалында өнер көрсетеді. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Отандасымыз топтық кезеңді сәтті аяқтап, негізгі жарысқа жолдама алған болатын. Ол 1/16 финалдық кезеңін автоматты түрде өткізіп, 1/8 финалға жолдама алды. 

Ширек финалға шығу үшін Алан польшалық Артур Громекамен шеберлік байқасады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық теннисші Анна Данилинаның аралас жұпта Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шыққанын хабарлаған едік.