Үстел теннисінен Азия кубогы: қазақстандықтардың алғашқы қарсыластары анықталды

Фото: ҚР ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – 4-8 ақпан аралығында Қытайдың Хайкоу қаласында үстел теннисінен 35-ші Азия кубогы өтеді.

Жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылардың топтағы қарсыластары белгілі болды.

Ерлер, 3-топ

Томокази Харимото (Жапония)

Вонг Чун Тин (Қытай Гонконгы)

Ляо Чэн-Тин (Қытай Тайбэйі)

Айдос Кенжіғұлов (Қазақстан)

4-топ

Сян Пэн (Қытай)

Кирилл Герасименко (Қазақстан)

Чан Ю-Ань (Қытай Тайбэйі)

Алхадрави Али (Сауд Арабиясы)

6-топ

Тогами Сюнсукэ (Жапония)

Чэнь Юаньюй (Қытай)

Бхаттачарджи Анкур (Үндістан)

Алан Құрманғалиев (Қазақстан)

Әйелдер, 5-топ

Ван Иди (Қытай)

Нагасаки Мию (Жапония)

Сэр Линь Цянь (Сингапур)

Сарвиноз Миркадирова (Қазақстан)

Әйелдер, 8-топ

Хаята Хина (Жапония)

Шин Юбин (Оңтүстік Корея)

Хуан Ю-Цзе (Қытай Тайбэйі)

Зәуреш Ақашева (Қазақстан)

Әр топта бірінші және екінші орын алған спортшылар жүлделер үшін күресті жалғастырады.

Бұған дейін Алан Құрманғалиевтің үстел теннисінен Қатардағы турнирде екі медальға ие болғанын хабарлағанбыз.