Үстел теннисінен ел құрамасы Ташкенттегі турнирде жеті медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — Ташкентте (Өзбекстан) үстел теннисінен WTT Youth Contender Tashkent II халықаралық турнирі аяқталды. Дүбірлі додаға 22 елдің спортшылары қатысты.

Фото: ҚР ҰОК

Қазақстандық спортшылар түрлі жас санаттарында жеті медаль жеңіп алды.

Алтын жүлдені Алан Құрманғалиев (U19) пен Жәния Бекмұхамбетова (U13) иеленді.

Назерке Болатбек (U11) күміс жүлдегер атанды.

Ал Дағир Данияров, Нұржан Бақдәулет, Медина Амандық және Нұрай Жанаева U11 жас санатында қола жүлдеге қол жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алғанын хабарлаған едік.